Қазақстан Transparency International рейтингінде өз позициясын жақсартты., - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексіне сәйкес, 2023 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан рейтингіде 8 орынға көтеріліп, 180 ел арасында 93-орынға ие болды (2022 жыл – 101- орын).
Қазақстан алғаш рет 100-ден 39 балл жинады, бұл былтырғымен салыстырғанда 3 баллға артық. Балл неғұрлым жоғары болса, сыбайлас жемқорлық соғұрлым аз болады.
"Transparency International рейтингі мемлекеттік сектордағы сыбайлас жемқорлық деңгейін сараптамалық және бизнес-бағалауға негізделген. Әлемдік орташа көрсеткіш 10 жыл бойы өзгеріссіз қалды және бұл - 43 балл", - делінген хабарламада.
Елдердің үштен екісінен астамы 50-ден аз ұпай жинайды, ал 27 ел рейтинг тарихындағы ең төменгі ұпай жинады.
"Шығыс Еуропа және Орталық Азия" өңірінің орташа балы (19 ел) 35.
Аймақтағы көшбасшылар - Грузия (53), Армения (47), Черногория (46).
Аутсайдерлер арасында Ресей (26), Қырғызстан (26), Тәжікстан (20), Түрікменстан (18) бар.
Осылайша, Орталық Азия өңірі елдерінің ішінде Қазақстан ең жоғары позицияны иеленеді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!