- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "18+ суреттер шыққан"....
"18+ суреттер шыққан". Алматыда мәйітхана қызметкеріне қатысты жантүршігерлік қылмыс әшкере болды
Фото:
orinfo.ru
Алматыда некрофилияға күдікті адам ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Күдікті - мәйітхана күзетшісі. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған. Журналист Михаил Козачковтың мәліметінше, ер адам ломбардқа телефонын өткізбек болған. Ломбард қызметкері телефон ер адамға тиесілі екеніне көз жеткізу үшін суреттерді көрсетуді сұраған. Осылайша ер адамның телефонынан 18+ суреттер шыққан.
Полиция департаментінің мәліметінше, ер адам ұсталып, қамауға алынған.
"Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Тергеу жүріп жатыр", - делінген полиция хабарламасында.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Сатыбалдина