Қазгидромет синоптиктері 18 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Мassaget.kz тілшісі.
Синоптиктер мәліметінше, атмосфералық фронт әсерінен Қазақстанның солтүстік жартысында күн құбылмалы болады.
Солтүстікте, солтүстік-батыста, оңтүстік-шығыста түнде тұман түсіп жаңбыр жауады, оңтүстікте, оңтүстік-батыста шаңды дауыл соғады.
Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-батысында, солтүстік-батысында және орталығында күн жауын-шашынсыз болады.
Түркістан, Қызылорда, Атырау облыстарының басым бөлігінде, Жамбыл, Маңғыстау облыстарының оңтүстігінде, Қостанай облыстарының оңтүстік жартысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз Алматы, Жетісу, Түркістан, Атырау, Ұлытау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл, Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде ыстық болады.
Күндіз Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде ыстық болады.