18 секунд. Қазнет жеңілдетілген автонесие туралы қалай әзілдеп жатыр?

Көптеген қазақстандық жеңілдетілген автонесиеге өтініш беріп үлгермеген. Қазнетте осы жайтқа қатысты әзілдер тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақстандықтар түрлі чат пен әлеуметтік желіде сайтқа өтініш тастап үлгермегенін жазды.  

"Мен отырған чаттардан бірде-бір адам өтініш бере алмаған. Қатып қалған сайт. Кім өтініш беріп үлгерді?"

"5 адам қатар отырып өтініш бердік, біреуіміз де өтпедік"

"Әлгі 760 адам түнде тіркеліп алып, қазір ұйқыны басып жатқан шығар дейді бір ойым. Мына жақта ел дүрлігіп, үміттеніп"

"Беріп көрдік. Бірақ, көлік маркасын таңдайтын жер ашылмай қойды..."

"1 минутқа жетпей қате деп шықты", - делінген хабарламаларда

Сонымен қатар, қазақстандықтар сайт қалай "құлағанын" видеоға түсіріп алған. Видеода ер адам сағат 10.09-да сайтта өтініш бермек болған. Алайда автоөндірушіні таңдау мүмкін болмаған. 

Ал бұл қазақстандық сайт арқылы мүлде өтініш бере алмаған. 

Жеңілдетілген автонесиеге өтініш беруге арналған сайттың "құлауына" байланысты қазақстандықтар әзілдей бастаған.  

 

@massaget.kz #автонесие#автокредит#қазақстан#казахстан#рек#жаңалық#алматы#сайт ♬ оригинальный звук - Massaget.kz

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!