- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- 18 рет пышақтап,...
18 рет пышақтап, 1,5 жылға сотталған: Алматыда бұрынғы әйелін өлтірген ер адамға қатысты сот үкімі қайта қаралады
Апелляциялық сот Алматыдағы заңгер әйелдің өліміне қатысты сот үкімін шығарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Апелляциялық инстанция шешімі бойынша, айыпталушы Талған Нұртаевқа қатысты сот үкімі қайтадан қаралатын болады.
Осылайша, апелляциялық инстанция Нұртаевтың үкімінің күшін жойып, істі соттың өзге құрамындағы жаңа сот қарауына жіберуге қаулы етті.
Еске салайық, бұған дейін танымал адвокат Джохар Утебеков заңгер Айман Асанованың өліміне қатысты тың деректі айтқан болатын.
Жақында Айман Асанованы 18 рет пышақтап, аяусыз өлтірген ер адамға қатысты сот үкімі шыққан болатын. Күдікті - заңгер Асанованың бұрынғы күйеуі. Ол сот үкімі бойынша 1 жыл 6 айға сотталған болатын. Сот үкімі қоғамда қызу талқыға түсіп, Желі қолданушылары наразы болған еді. Адвокат Джохар Утебеков Facebook-парақшасында бұрынғы күйеуі Айман Асанованы пышақтаған сәттің видеосын жариялады. Джохар Утебеков видеоны марқұмның жақындарының рұқсатымен жариялағанын атап өтті.
Қанды қылмыс былтыр қазанда болған. Танымал заңгер Айман Асанова үйінің маңайында өлтірілген еді. Ол күдікті ер адаммен екі жыл некеде болған. Артынша Айман мен бұрынғы күйеуі ажырасқан. Алайда ер адам Айманның Алматының орталығындағы пәтеріне таласпақ болған екен.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина