18 наурыз Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарын сайлау қарсаңында тыныштық күні болып жарияланды. Бұл күні кез келген үгіт-насихат заңсыз болып есептеледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Сайлау алдындағы үгіт-насихат 18 ақпанда сағат 18.00-де басталып, 18 наурыз күні сағат 00.00-ге дейін жалғасты.
Осы күні жасалған кез келген үгіт-насихат жұмысы заң бойынша жазаланады.
Еске салайық, Қазақстанда Мәжіліс және мәслихат депутаттарын сайлау 2023 жылғы 19 наурызда өтеді. Мәжіліс 98 депутаттан тұрады (бұған дейін 107 еді), оның 69-ы партиялық тізім бойынша, ал 29-ы бір мандатты округтер арқылы таңдалады.
Сайлауға жеті партия Amanat, "Ақ жол", Қазақстан халық партиясы, "Ауыл", Қазақстанның жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы, "Байтақ" және Respublica қатысады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!