18 мың доллар алып, қызметті өсіруге уәде еткен тұрғын ұсталды

31 жастағы ер адам өзін құқық қорғау органының қызметкері ретінде таныстырып, қызметте өсіруге уәде берген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Атап айтқанда, ол ақшалай сыйақыға қызметте көтермелеуді уәде етті. Алматының кемінде екі тұрғынын алдаған күдікті ұсталды.

"Өзін құқық қорғау органдарының бірінің қызметкерімін деп таныстырған 1992 жылы туған А.есімді азамат мансаптық өсуге көмектесемін деп уәде берді. Бірақ "қызмет" ақылы, қызметте көтермелеу үшін ер адамға шамамен 18 мың доллар төлеу керек болды. Тергеу барысында күдіктінің өзінің құзыреттілігі туралы ақпаратты жеке бас пайдасы үшін таратқаны анықталды. Ниетінің тазалығына сендірген ол алдын ала төлемді аударуды ұсынды. Қазіргі таңда біздің бөлімшеде екі алаяқтық дерегі тіркелді", – деді Наурызбай аудандық полиция басқармасының бастығы Данияр Меңдебаев.

Ұсталған азаматқа қатысты ҚР Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Тергеушілер зардап шеккендердің саны әлдеқайда көп болуы мүмкін деп болжап отыр, сондықтан бұл адамның әрекетінен зардап шеккен азаматтарды Наурызбай аудандық полиция басқармасына келуге немесе мына телефон нөмірлері арқылы хабарласуға шақырады: 8-707-447-07-50; 8-747-699-70-02.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!