Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов жалақысы қанша екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы ол журналист Асхат Ниязовтың "Обожаю" YouTube-арнасында айтты.
"Менің жалақым 1 миллион 800 мың теңге", - деп жауап берді әкім.
Әйтенов қала тұрғындарының орташа жалақысы қанша екенін айтты.
"Қала тұрғындарының орташа жалақысы 234 мың теңге", - дейді Әйтенов.
Қала басшысы жалақысының көп болу себебін түсіндірген.
"Мен бүкіл қалаға жауап беремін. Күніне "600 миллиард" шешім қабылдаймын. Мен "баспен жауап беретін" шешімдер қабылдаймын. Кез келген мәселе туындаса кім жауап береді? Әкім. Мен ұлттық компанияға орналасып, 5-10 миллион теңге жалақы ала аламын. Маған өз халқыма қызмет етуге мүмкіндік берілді. Сол қызметті атқарып отырмын", - дейді әкім.
Сонымен қатар, Мұрат Әйтенов Шымкентте қызметтік пәтерде тұратынын, ал Астанада баспанасы бар екенін айтады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!