- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "1,8 миллиард теңге...
"1,8 миллиард теңге жиналды". Режиссер Қуаныш Бейсек алғашқы фильмінен қанша табыс тапқанын айтты
Режиссер Қуаныш Бейсек алғашқы "Дәстүр" фильмі арқылы қанша табыс тапқанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Режиссердің сөзінше, фильм көрсетілімінен жалпы 1,8 миллиард теңге түскен.
"Таптым-ау сені" фильмімен шамалас ақша түсті. Бірінші орында кім екенін білмейміз. Кассалық фильмдердің бірі болды. Көп еңбектендік, көңілімізден шықты. Жақында Қырғызстанда премьера болды. Одан бөлек, Өзбекстан мен Ресейде көрсетіле бастайды. Фильмнен түскен таза табыс - 300 миллион. Соны екі адам бөліп алдық. Сонда шамамен 150 миллион таптық. Ол ақшаның бәрін жаңа жобаға инвестициялап жатырмын", - дейді режиссер блогер Ұлықбек Шәріповке берген сұхбатында.
Айта кетейік, фильм Қазақстан кинотеатрларында көрсетілімге шыққалы бір аптаның өзінде 1 миллиард теңге жинап үлгерген болатын.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Сатыбалдина