- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақтөбе облысы мектеп құрылыс Антикор
1,8 миллиард: Ақтөбе облысында 5 жылдан бері мектеп құрылысы аяқталмай тұр
Құны 1,8 миллиард болатын мектептің салынып жатқанына 5 жыл болған, ал 500 миллион теңге жұмсалған туберкулезге қарсы диспансердің қажеті болмай қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Диапазон" басылымына сілтеме жасап.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері Ақтөбе облысындағы проблемалық құрылыс нысандарын тексерді. Шилісай ауылында мектептің құрылысы 5 жылдан бері аяқталмай отыр, оған 1,8 миллиард теңге жұмсалған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметкерлері құрылыстың мерзімі ғана емес, сонымен қатар, осы ауылда білім ошағын салу қажеті туралы биліктің шешіміне қатысты сұрақтар пайда болды. Мектеп екі ауысымда оқитын 1200 балаға арналған болса, қазір Шилісайда 88 оқушы ғана тұрады. Сондай-ақ, Антикорда олардың тарапынан келешегі жоқ тұрғын ауданда үлкен мектеп салуға бел буғандарды жауапкершілікке тарту үшін қызметтік тексеру жүргізу туралы бастама көтерілгенін атап өтті. Бірақ бұл бастаманы ешкім қолдамады.
Туберкулезге қарсы диспансер салу мәселесі де бар, бұл нысанға 500 миллион теңге жұмсалған, бірақ қазір туберкулезге қарсы диспансердің облысқа керегі жоқ болып шықты. Ал әкімдік ғимаратты пайдалануға ешқандай шара қолданбай отыр.
Еске салайық, медициналық орталық жанынан 300 төсектік туберкулезге қарсы диспансер 2016 жылы салына бастаған.
Ал Ырғыз өңірінде биыл дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы аяқталды.
"Құрылыс жұмыстарының сапасы көңіл көншітпейді, волейболға, футболға, баскетболға қажет құрал-жабдықтар жоқ", - деп хабарлады сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің қызметкерлері облыс әкімімен өткен жиында.
Антикордағылар 17 проблемалық нысанның 7-уі ғана пайдалануға берілгенін, тағы 4 нысанның аяқталу сатысында екенін, ал 5 нысан бойынша құрылыс мерзімінің бұзылу қаупі бар екенін қорытындылады.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Бөлек