18 жастағы талдықорғандық әкесін өлтірді деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Полиция мәліметінше, 6 ақпанда Көктал шағынауданындағы жеке үйлердің бірінен зорлық-зомбылық белгілері бар 50 жастағы ер адамның денесі табылған. Әкесімен сөзге келіспей қалған ұлы ас үй табасымен әкесін ұрып өлтірген.
Қылмыстық кодекстің 99-бабы "Кісі өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмыс құралы тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына заттай дәлелдемелер ретінде тіркелді.
Іс бойынша қажетті сараптамалар тағайындалды. ҚР ҚІЖК-нің 128-бабына сәйкес күдікті ұсталды және УҰИ-на қамауға алынды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!