- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- 18 жастағы қостанайлық...
18 жастағы қостанайлық адам өлтірді деген күдікке ілінді
Фото:
siapress.ru
18 жастағы қостанайлық адам өлтірді деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Облыстық ПД мәліметінше, оқиға 8 қарашада сағат 05.30-да болған.
Дощанов көшесіндегі көңіл көтеретін ғимараттардың бірінде 18 жастағы жігіт 22 жастағы ер адамды пышақтап тастаған. Ер адам оқиға орнында қайтыс болған.
Бұл дерек бойынша, Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі бойынша соталды тергеу басталған. Қажет тергеу амалдары жүріп жатыр. Сараптама тағайындалды.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина