18 iPhonе-ды пакетіне салып алған: Ақтөбеде ер адам дүкеннің әйнегін сындырып, шабуыл жасаған

Ақтөбеде полиция 15 млн теңгенің ұрлығын ашты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

5 наурызда түнгі уақытта Ақтөбедегі дүкендердің бірі тоналған. Белгісіз ер адам кіреберістегі есіктің әйнегін балғамен сындырып, дүкен ішіне заңсыз кіріп, 18 телефонды ұрлап кеткен.

Кәсіпкердің бағалауынша, келген шығын - шамамен 15 миллион теңге.

"Жедел іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады. Ер адам қала көшелерінің бірінде ұрланған телефондарды сатпақ болған кезде қолға түсті. Тергеу нәтижесінде барлық телефон тәркіленді. Бұл дерек бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді өңір полициясы.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!