18 градусқа дейінгі аяз және тұман - 13 қаңтар Қазақстандағы ауа райы

"Қазгидромет" 13 қаңтар, дүйсенбі күні Қазақстан қалаларындағы ауа райы туралы мәлімет берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Астанада - ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде температура минус 16-18°C, күндіз минус 8-10°C. Желдің жылдамдығы - оңтүстіктен 2-7 м/с.

Алматыда да ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде температура минус 6-8°C, күндіз плюс 0-2°C. Жел - солтүстік-батыстан 0-5 м/с.

Шымкентте ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде минус 3-5°C, күндіз плюс 10-12°C. Жел - оңтүстік-шығыстан 5-10 м/с.

Ақтауда ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде тұман күтіледі. Түнде температура плюс 1-3°C, күндіз плюс 6-8°C. Жел - оңтүстік-шығыстан 5-7 м/с.

Ақтөбеде ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде температура минус 10-12°C, күндіз минус 3-5°C. Жел - солтүстік-батыстан 2-7 м/с.

Атырауда ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз, кейде тұман. Түнде минус 2-4°C, күндіз плюс 2-4°C. Жел - оңтүстік-шығыстан 2-7 м/с.

Жезқазғанда ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде минус 13-15°C, күндіз минус 6-8°C. Жел - солтүстік-шығыстан 2-7 м/с.

Қарағандыда ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде минус 12-14°C, күндіз минус 3-5°C. Жел - оңтүстік-шығыстан 2-7 м/с.

Көкшетауда ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде минус 10-12°C, күндіз минус 5-7°C. Жел - оңтүстіктен 2-7 м/с.

Қонаевта ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз, кейде тұман. Түнде минус 11-13°C, күндіз плюс 0-2°C. Жел - солтүстік-батыстан 9-14 м/с.

Қостанайда ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз, тұман болуы мүмкін. Түнде минус 10-12°C, күндіз минус 5-7°C. Жел - оңтүстіктен 2-7 м/с.

Қызылордада аздап бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде минус 8-10°C, күндіз плюс 0-2°C. Жел - солтүстік-шығыстан 5-10 м/с.

Павлодарда ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде минус 11-13°C, күндіз минус 6-8°C. Жел - оңтүстік-шығыстан 7-12 м/с.

Петропавлда ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде минус 10-12°C, күндіз минус 5-7°C. Жел - оңтүстіктен 7-12 м/с.

Семейде аз бұлтты, жауын-шашынсыз, тұман болуы мүмкін. Түнде минус 16-18°C, күндіз минус 7-9°C. Жел - солтүстік-шығыстан 1-6 м/с.

Талдықорғанда ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде минус 15-17°C, күндіз плюс 0-2°C. Жел - оңтүстік-батыстан 2-7 м/с.

Таразда ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз, кейде тұман. Түнде минус 5-7°C, күндіз плюс 5-7°C. Жел - солтүстік-шығыстан 9-14 м/с.

Түркістанда аздап бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде минус 4-6°C, күндіз плюс 8-10°C. Жел - оңтүстік-батыстан 5-7 м/с.

Оралда ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз, тұман болуы мүмкін. Түнде минус 10-12°C, күндіз минус 0-2°C. Жел - оңтүстік-шығыстан 5-10 м/с.

Өскеменде аз бұлтты, жауын-шашынсыз, тұман күтіледі. Түнде минус 17-19°C, күндіз минус 8-10°C. Жел - шығыстан 1-6 м/с.

Еске сала кетейік, "Қазгидромет" бұған дейін 13 қаңтарға бірнеше өңірде дауылды ескерту жариялаған болатын.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!