Танымал әнші Артур Давлетияров RaiM мен Artur дуэті неге екіге кеткенін айтты. Бұл туралы ол Taboo бағдарламасында мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әншінің айтуынша, қатты күйзеліске түскен.
"Адамда музыкалық күйзеліс бар екен. Мен сол күйзеліске бір уақытта қатты шалдықтым. Мүмкін, реніштерім, көрген нәрселерім бір жерге жиналып, "құрсын, тастаймын" деген ой келді. "Өлең мені қатты өзгертіп жатыр" деген ой келді. "Өзім де жаман жаққа өзгеріп жатырмын" деген ойлар болды. Қатты бір сынға кіріп кеттім. 4 жыл бұрын Қырғызстанның азаматы мен азаматшасы интернетке видео салады. Видео 18+. Түндегі картина. Соның скриншотын жасап, WhatsApp-тан Артур деп таратып жібереді. "Бұл - Артур. Артурдың істегендерін қараңыз. Сіздердің қарапайым балдарыңыз. Міне, сұмдық" деді. Қатты күйзеліске ұшырадым", - деді әнші.
Ол Желіде бір видео тарап кеткенін айтты. Онда эротикалық бағыттағы нәрселер көрінген. Ал жұрт видеодағы адамды Артур деп ойлапты.
"Барлық жерге қоңыраулар келе бастады. Адамдар қоқан-лоқы да жасай бастады. Адамдар жаман сөздер айтты. Концертке шыққанда сол сөздерді айтты. Сол кезде басымнан бес жерден шаш түсті. Өзімнің әлсіздігімді көрсетіп, жаман нәрселерге илендім. Ол да бар (ішу - еск.). "Мен емес" деп қозғауға, ақталуға ұят болды. Бірақ қырғыздың азаматтары Қырғызстанда болғанын біледі. Ол адамдарды таниды. Өте қатты ұқсайды (видеодағы жігіт Артурға - еск.). Сол роликті 1-2 жыл ішінде Қазақстанда мен деп таратып жіберді. Шектен тыс эротикалық болды. Ойға келмейтін нәрселер жасалды. Екі жыл бұрын дәлелдерді таптым. Кім екенін таптым. Бірақ өте кеш болды. Сол күйзеліс, сіз айтып жатқан Raim-ның қасында жүр деген реніштер - көп нәрсе жиналды. Командаға бардым да "аға, Raim-дарды шақыр" дедім. Келді. "Raim, Данияр, кешіріңдер, маған кетуге тура келеді" дедім. Бұлар да шошып кетті. "Нақты шештің бе?" деді. "Қолдау керек болса хабарлас" деді", - деп еске алды әнші.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!