+18. Ер адам әйелін өлімші етіп соққыға жыққан

Қырғызстанда ер адам әйелін аяусыз соққыға жыққан. Ол ауруханада жатыр, - деп хабарлайды 24.kg.

Басылым мәліметінше, оқиға кеше болған.

"Түнде оны күйеуі соққыға жыққан. Ол қазір ауруханада жатыр. Оның әкесі, ағалары жоқ. Тек анасы, кәмелетке толмаған төрт баласы бар. Полиция ер адамды тауып, оны жауапқа тартуы керек. Мұны жай қалдырса, оны өлтіреді", - дейді жәбірленушінің туысы.

Шу облысының ІІББ өкілі Бішкек қаласы Первомай ауданының ІІБ тергеу-жедел тобы ауруханаға барғанын айтты.

Ведомство мәліметінше, жәбірленуші милицияға күйеуінің үстінен арыз берген. Сот-медициналық сараптама тағайындалған.