18-25 жас аралығындағылардан банк карталарын сатып алған: Ақтөбеде 10 млн теңгенің схемасы әшкере болды

Ақтөбеде банк карталарын заңсыз айналымға енгізген күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Тергеу барысында күдікті 18-25 жас аралығындағы жастардан банк карталарын 20-30 мың теңгеге сатып алып, кейін оларды үшінші тұлғаларға қайта сатқаны анықталған.

"Бұл банк карталары алаяқтық жолмен келген қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру мақсатында пайдаланылған. Алдын ала мәліметке сәйкес осы банк карталары арқылы шамамен 10 миллион теңге көлеміндегі қаражат қолма-қол ақшаға айналдырылған", - деді полиция.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір қылмыстық іс бойынша тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!