Ақтөбеде банк карталарын заңсыз айналымға енгізген күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Тергеу барысында күдікті 18-25 жас аралығындағы жастардан банк карталарын 20-30 мың теңгеге сатып алып, кейін оларды үшінші тұлғаларға қайта сатқаны анықталған.
"Бұл банк карталары алаяқтық жолмен келген қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру мақсатында пайдаланылған. Алдын ала мәліметке сәйкес осы банк карталары арқылы шамамен 10 миллион теңге көлеміндегі қаражат қолма-қол ақшаға айналдырылған", - деді полиция.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір қылмыстық іс бойынша тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова