Бұрын заңды күшіне енген сот шешімін орындамағаны үшін Ақтау әкімі Ербол Ізбергеновтің 172 500 теңге көлемінде айыппұл төлейді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының баспасөз қызметінің хабарына қарағанда, бұған дейін Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты ЖШС-нің Ақтау әкіміне берген талабын қанағаттандырған.
Сот Ақтау әкімінің жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуден бас тартуын ЖШС-нің біріне заңсыз деп таныған және қала әкіміне бір ай ішінде ЖШС пайдасына қолайлы әкімшілік акт қабылдауға міндеттеген. Алайда сот шешімі сот көрсеткен мерзімде орындалмады.
"Жеткілікті уақыт өткеніне қарамастан, жауапкер сот шешімін орындау бойынша шаралар қабылдаған жоқ. Әкімшілік кодекстің талаптарына сәйкес сот шешімдерін орындау соттың бақылауында болады және оларды орындаудан жалтару 50 АЕК мөлшерінде ақшалай өндіріп алуға әкеп соғады. Осыған байланысты сот Ақтау қаласының әкіміне жеке өзі 50 АЕК мөлшерінде ақшалай өндіріп алу туралы шешім шығарды, бұл 172 500 теңгедей", деді соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап Astana.tv хабарлады.
Әкім өндіріп алынушы соманы бес күн ішінде төлеп, сот шешімін 10 күн ішінде орындауға тиіс, әйтпесе өндірілетін сома тағы 10 АЕК көлемінде еселенеді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!