Ақтөбеде көлік инспекторы пара алғаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ақтөбе облысы бойынша Көлік бақылау инспекциясы қызметкері көлік кедергісіз өтуіне көмектескені үшін тасымалдаушыдан бірнеше рет пара алған. Параның жалпы сомасы 170 мың теңге болған.
"Сот қызметкерді кінәлі деп танып, оған мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салып, 5,5 млн теңге көлемінде айыппұл салды", - деп жазылған хабарламада.
Прокурордың өтінішхаты бойынша Көлік бақылау инспекциясына жеке қаулы шығарылды. Үкім заңды күшіне енді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова