- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- 170 миллион теңге...
170 миллион теңге пара: “Елорда құрылыс компаниясы“ басшысы 10 жылға сотталды
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты "Елорда құрылыс компаниясы" ЖШС бас директоры Кадесов пен азамат Давлетовке қатысты үкім шығарды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Р.А. Кадесов О.Б.Давлетов арқылы Астанада көппәтерлі тұрғын үй кешенін салу шарты бойынша аванс төлегені және сметаны ұлғайтқаны үшін мердігер ұйым басшысынан 170 миллион теңге сомасында аса ірі мөлшерде пара алғаны үшін кінәлі деп танылды.
Сот үкімімен Р.А.Кадесовке – 10 жыл, О.Б. Давлетовке – 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
"Сот Р.А. Кадесовтің мүлкін құны пара сомасына тең төрт автокөлік құралы түрінде тәркіледі, сондай-ақ мемлекет кірісіне 170 млн теңге мөлшерінде пара сомасы өндірілді", – делінген сот үкімінде.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан