17 тамызға ауа райы болжамы: кей өңірде нөсер жауып, күн +38 градусқа дейін ысиды

17 тамызға ауа райы болжамы: кей өңірде нөсер жауып, күн +38 градусқа дейін ысиды
Фото: depositphotos.com

17 тамызда Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райы құбылмалы болады. Шығыс пен солтүстікте жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей жерлерде бұршақ пен дауыл күтіледі. Ал оңтүстік және батыс өңірлерде аптап ыстық сақталады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында кей уақыттарда қатты жаңбыр жауады. Күндіз бұршақ жауып, дауыл соғуы мүмкін. Желдің екпіні 23-28 м/с-қа дейін жетеді.

Абай облысының солтүстігі, шығысы мен оңтүстігінде де жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз бұршақ пен дауыл күтіледі, жел 28 м/с-қа дейін күшеюі ықтимал.

Павлодар облысының батысы, солтүстігі мен орталығында жаңбыр жауады. Батысында қатты жаңбыр, күндіз бұршақ пен дауыл болуы мүмкін.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жаңбыр мен найзағай күтіледі. Күндіз бұршақ жауып, дауыл соғуы мүмкін. Желдің екпіні 25 м/с-қа дейін жетеді. Түнде және таңертең тұман түседі.

Ақмола облысының шығысында түнде, батысы мен солтүстігінде күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде бұршақ пен дауыл күтіледі.

Көкшетауда күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің жылдамдығы 20 м/с-қа дейін күшейеді.

Қостанай облысының солтүстігінде жаңбыр мен найзағай күтіледі. Батысы мен солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі.

Астанада айтарлықтай жауын-шашын болмайды. Күндіз солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Қалада жоғары өрт қаупі сақталады.

Алматы облысында күндіз ауа температурасы +35...+36 градусқа дейін көтеріледі. Алматы мен Қонаевта +35 градус шамасында болады. Таулы аудандарда өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін.

Жетісу облысында да күн +35 градусқа дейін ысиды. Шығыс және таулы аудандарда өткінші жаңбыр жауады. Алакөл маңында желдің екпіні 23-28 м/с-қа дейін күшеюі ықтимал.

Ең ыстық ауа райы Маңғыстау облысының оңтүстігінде күтіледі. Мұнда ауа температурасы +38 градусқа дейін жетеді.

Түркістан облысының батысында күндіз шаңды дауыл болуы мүмкін. Желдің екпіні кей жерлерде 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жел күтіледі. Таразда төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.

Ақтөбе облысының солтүстігі мен солтүстік-шығысында күндіз желдің екпіні 15-18 м/с-қа дейін жетеді.

Атырау облысында жауын-шашын күтілмейді. Алайда төтенше өрт қаупі сақталады.

Қазақстанның басым бөлігінде 17 тамызда жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады. Әсіресе Атырау, Маңғыстау, Түркістан, Жамбыл және Қызылорда облыстарында қауіп жоғары.

Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі кемінде 19 тамызға дейін сақталады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Massaget.kz
Logotype Massaget