“17 рет кездестік“. Актер Ермек Шынболатов әйелімен әлеуметтік желіде танысқанын айтты

Жақында ғана отбасын құрған қазақстандық актер Ермек Шынболатов әйелімен әлеуметтік желіде танысып, үйленгенін айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Дәстүр" фильмі арқылы танылған Ермек Шынболатовтың жары – шымкенттік Гүлбала есімді ару. Актер онымен әлеуметтік желіде танысып, жеті ай бойы басқа қаладан барып, кездесіп жүріпті.

"15 күн сайын билет алып Алматыдан Шымкентке баратынмын. 1-2 күн бірге уақыт өткіземіз де, мен қайта Алматыға ұшып кетемін. Сөйтіп жүріп, үйленгенге дейін бас-аяғы 17 рет кездесіппіз", – дейді ол. 

Актер Гүлбала оны бірден баурап алғанын айтады. Айта кетейік, актердің жарының жасы 18-ден енді асқан. 

"Көзім көрді, жүрегім сезді. Бірден ғашық болдым. Мен оны емес, ол мені баурап алды деген дұрыс шығар", – деді ол Revue бағдарламасының тілшісіне берген сұхбатында. 

Еске салайық, бұған дейін актер әйелінің Ақбота-Нұрмен сүйіскен сахнасына қалай қарайтыны туралы айтқан болатын. 

"Ақбота-Нұрмен болған ол түсірілім бұл қызға дейін өтіп кеткен. Жай ғана фильмнің жарыққа шығуы менің тойыммен тұспа-тұс келіп қалды. Әрине, оңай емес, қызғанады, басқасы бар. Бәрін өз арамызда шештік. Жақсы көрген адам бәрін жеңеді", – деген еді актер.  

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз