АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Дэниел Розенблюм Қазақстан халқына арнап қоштасу видеосын жариялады. Оның еліміздегі дипломатиялық миссиясы аяқталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Розенблюм Қазақстан халқына қонақжайлылығы мен жылы ықыласы үшін алғыс айтты. Дипломат өз видеоүндеуін қазақ және ағылшын тілдерінде жазды.
"Құрметті Қазақстан халқы, менің қымбатты достарым мен әріптестерім! Сіздер білетіндей, жан-жақты ойлана келе, мен 20 қаңтардан бастап Қазақстандағы АҚШ елшісі зейнетке шығу туралы шешім қабылдадым. Бірнеше айдан кейін АҚШ мемлекеттік департаментіндегі 28 жылдық қызметтен кейін зейнетке шығамын", - деді ол.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Дэниел Розенблюм АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі қызметін атқару үлкен мәртебе болғанын айтты.
"Бұл достықты нығайту, серіктестіктерді қалыптастыру және екі ел арасындағы байланысты күшейтуде бірлескен жұмыс жүргізу сияқты керемет үлкен жол болды", - деді ол.
Розенблюм алдыңғы аптада Қазақстанның барлық 17 өңірін аралап шыққанын зор мақтанышпен жеткізді.
"Қайда барсам да, түрлі сала мен кәсіп мамандарымен жүздестім. Барған жерімде мені қонақжайлықпен қарсы алды. Мені құшақ жая қарсы алып, өздерінің тарихы мен дәстүрін ашық-жарқын бөліскені үшін мен Қазақстан халқына дән ризамын. Өмірімнің Қазақстанда тұрған шағымда көрсеткен ыстық ықыласыңыз бен қонақжайлығыңыз үшін шын жүректен алғысымды білдіремін. Сонымен қатар Қазақстан Үкіметіне серіктестік үшін шынайы ризашылығымды айтамын. Біз бірге көп нәрсеге қол жеткіздік. Екі ел арасындағы сауда байланыстарын кеңейтіп, білімді насихаттадық, әйелдер мен жастарды қолдадық. Сондай-ақ Қазақстанның бай мәдени мұрасын бірге дәріптедік. Бірлескен күш-жігеріміз бен бейбітшілік, қауіпсіздік және экономикалық өркендеу сияқты ортақ мақсаттарымызға қарай айтарлықтай ілгері бастық", - деді ол.
Дипломат елші ретінде қызметі қаңтар айында аяқталса да, Қазақстанға, оның халқына деген құрметі жалғаса беретінін айтты.
"Бұл елде қызмет ету өмірімде берілген бір үлкен мүмкіндік болды. Баршаңызға болашағыңыз жақсылыққа толы болсын деп тілеймін", - деді Дэниел Розенблюм.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
М. Лес