- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "1,7 миллион тоннадан...
"1,7 миллион тоннадан астам улы шығарынды". Жылыойлықтар өңірдің экологиялық ахуалына алаңдаулы
Жылыойлықтар Құлсары жаңа форматтағы эко қалаға айналуы керек деген пікірде, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ресми мәліметтерді санап отырсақ, 1993 жылдан бері "Теңізшевройл" кәсіпорны облысымыздың атмосфералық бассейніне 1,7 миллион тоннадан астам улы шығарындылар жасаған.
"Яғни, облысымыздың әр тұрғынға шаққанда “Теңізшевройл” осы аралықта 2400 келіден улы зат тастады. Бұл меркаптандар, күкіртті сутегі, күкіртті ангидрид және басқа да аса қауіпті 39 түрлі химиялық элемент. Олар өзара жаңа улы байланыстар түзеді. Ластаушы заттар жергілікті тұрғындардың ағзасында жиналады, ешқайда жойылмайды және түрлі аурулар ретінде көрініс береді", - дейді қоғамдық белсенді Арман Хайрулин.
Айтуынша, Теңіз кен орнының өтінде орналасқан Сарықамыс елді мекенінде зауыт жұмыс жасай бастаған алғашқы 19 жылда 24-53 жас аралығындағы 189 адам қайтыс болып, кенттегі алғашқы науқастану көрсеткіші 90 пайызға жеткен.
"ТШО қызмет ететін нақты Жылой ауданы облыста 12 ауру бойынша бірінші орында тұр.
Екінші орында Атырау қаласы халқы. Себебі Атырау қаласы улы заттар шығаратын ТШО зауыттарынан небары 140 шақырым қашықтықта орналасқан. Облыстағы желдің жылдық басым бағыты оңтүстік шығыстан. Ластағыштар облыс орталығына ауа массалары арқылы теңіздің тегіс бетімен санаулы ақ сағаттарда жетеді", - дейді қоғамдық белсенді Арман Хайруллин.
Жылыойлық тұрғын Сәуле Назарова Құлсарыны эко қалаға айналдыру үшін, жергілікті тұрғындар белсенді болуы керектігін айтады.
"Қоғамдық тыңдалымдардан қалмай, халық өзіне не керектігін айтып түсіндіре білуі керек. Құлсарының қайта гүлденуі үшін, әрбір Жылыой тұрғыны ат салысуы керек. Ол үшін күнделікті қаламызды қиратпай, шашпай әр бір адам өз айналасын жинағаны жақсы . Әр демалыста неге сенбілікке шығып, аулаларымызды тазаламасқа? Тіпті, эко Құлсары сити салынғанан кейін де, оны күтіп ұстау барлығымызға тиесілі", - дейді Сәуле Назарова.
70 мыңға жуық тұрғыны бар Құлсары қаласының бүгінгі экологиялық ахуалы күрделі жағдайда қалып отыр.
Тағы да оқи отырыңыздар: «Қазақ халқының ауа райын болжауы»
Баян Жанұзақова
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
А. Жайыққызы