- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- 17 жылдан бері...
17 жылдан бері жөндеу көрмеген Балқаш әуежайына қанша бөлінеді?
17 жылдан кейін Балқаш қаласының әуежайында жол мен перрон қайта жөнделеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Көлік министрлігіне сілтеме жасап.
Жобаның жалпы құны - 3,8 миллиард теңге.
Бас мердігер "КАЗАХДОРСТРОЙ" ЖШС ресурстарды жұмылдырып, арнайы техниканы, инженерлік-техникалық қызметкерлерді орналастырып, құрылыс-монтаж жұмыстарын бастады.
Қазір асфальтбетон жабындарын фрезерлеу жұмысы 98 пайызға, жермен жүру жолы негізгі бөлшектеу 40 пайызға аяқталды әрі жол төсемдері дайындалып жатыр.
Жоспарға сәйкес биыл 15 маусымда бетон жабындысын монтаждау аяқталуға тиіс. Содан кейін әуежайды күрделі жөндеу және арнайы көлік қызметінің ғимаратын салу жоспарланған.
Айта кетейік, Балқаш әуежай инфрақұрылымын жаңарту қала мен туристік аймақты дамытуға мүмкіндік береді. Аталған әуежай 1967 жылы салынған. Онда жөндеу жұмысы тек 2007 жылы жүргізілген.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
А. Есен