17 жыл бойы қашып жүрген: қылмыстық топтың басшысы Бішкектен елге жеткізілді

17 жыл бойы қашып жүрген: қылмыстық топтың басшысы Бішкектен елге жеткізілді
Фото: Видео кадры

Ұйымдасқан қылмыстық топтың 17 жыл жасырынған басшысы Қырғызстаннан экстрадицияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ол ұйымдасқан қылмыстық топпен ірі мөлшерде алаяқтық жасаған. Тергеу мәліметінше, күдікті 2007-2008 жылдары Алматы қаласында ұйымдасқан қылмыстық топқа жетекшілік етіп, қайтарылмайтыны алдын ала белгілі несие рәсімдеу арқылы қазақстандық банктердің бірінен 183 миллион теңгеден аса қаржыны жымқырған.

Бұл ақша топ мүшелері арасында бөлініп, жеке мақсатқа пайдаланылған. Қылмыс жасағаннан кейін ҰҚТ мүшесінің бір бөлігі сотталған, ал күдікті қылмыстық қудалау органынан жасырынған.

"Осыған байланысты оған халықаралық іздеу жарияланған. Ол 2026 жылғы ақпанда Бішкекте ұсталып, Қазақстанның Бас прокуратурасының сұрауы бойынша елге экстрадицияланды. Қазір күдікті тергеу изоляторына қамалды", - деп жазылған хабарламада.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget