- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- 17 жастағы жігіт...
17 жастағы жігіт субұрқаққа түсіп, жан тапсырды: өлім себебі белгілі болды
Фото:
скриншот
Алматыда университеті маңындағы субұрқақта мерт болған 17 жастағы баланың неден қайтыс болғаны белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оңтүстік-Шығыс өңірі бойынша өңіраралық сот сараптамасы орталығы директорының медициналық мәселелер жөніндегі орынбасары Миржан Байсадықов сараптама арқылы жігіттің өлім себебін анықталғанын айтты.
"Өлім суға түскен кезде тыныс алу жолдары сумен жабылуына байланысты механикалық асфиксиядан болды. Зертханалық талдауларда бұл расталды", - деді сарапшы.
Еске салайық, қайғылы оқиға 19 маусымда болған еді. 17 жастағы жігіт әл-Фараби атындағы ҚазҰУ маңындағы субұрқаққа түскен кезінде мерт болды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина