Ташкентте кәмелетке толмаған бала Қашқадарияның тұрғынын ұятқа қалдырған. Жігіт әлеуметтік желіде әйелдің интим суреттері деп фейк контент жюасап таратқан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Podrobno.uz сайтына сілтеме жасап.
29 жастағы әйел құқық қорғау органдарына жүгінген. Оның сөзінше, қаскөй оның Telegram-дағы жеке суреттерін ұрлаған. Кәмелетке толмаған бала әйелдің суреттерін өңдеп, интим видео жасап, әлеуметтік желіде таратып жіберген.
Жедел-іздестіру шарасы кезінде күдікті ұсталған. 17 жастағы жасөспірімге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ол адамның ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін және адам өмірінің жақын жақтарын көрсететін мәліметтерді жария етті деген күдікке ілінді. Жасөспірім 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!