17 есірткі зертханасы, 7 ұйымдасқан қылмыстық топ әшкере болды

17 есірткі зертханасы, 7 ұйымдасқан қылмыстық топ әшкере болды
Фото: Видео кадры

Елімізде жыл басынан бері 17 есірткі зертханасы жойылды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

7 ұйымдасқан қылмыстық топ анықталды

Биыл алғашқы жеті айда 4,5 мың есірткі құқықбұзушылығы тіркелген. Заңсыз есірткі айналымына қарсы жүргізілген жұмыстар нәтижесінде синтетикалық есірткі өндіретін 17 жасырын цехтың қызметі тоқтатылған.

Сонымен қатар, 7 ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесіліп, 12 қылмыстық іс қозғалған (соталды тергеу басталған - еск.). 9 ұйымдастырушы, 41 қатысушы ұсталған.

Заңсыз айналымнан 865 келі есірткі тәркіленді. Бұл миллиондаған доза есірткі заңсыз айналымға түсуіне жол берілмегенін білдіреді.

55 жасөспірім ұсталды

Жасөспірімдерді есірткіге тарту мәселесіне ерекше назар аударылып отыр. Жыл басынан бері кәмелетке толмаған 55 адам ұсталған. Олардың 32-сінің есірткі өткізуге байланысты әрекеттерге қатысы бар.

Сонымен қатар, 10 мың банк картасы мен шот бұғатталған. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget