"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 20 мамырда қолайсыз ауа райына байланысты 16 өңірде ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ақмола облысының оңтүстігінде найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде екпіні - 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстік-шығысында топырақ бетінде 1 градус үсік болады.
Абай облысының Бескарағай ауданында төтенше өрт қаупі бар.
Жетісу облысында жаңбыр, күндіз таулы аудандарында нөсер жаңбыр және бұршақ жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20, Алакөл көлдері ауданында 25 м/с-қа жетеді.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман болады.
Астанада күндіз шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, шығысында найзағай ойнайды.
Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай, дауыл болады, оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, күші - 15-20 м/с.
Шымкентте 20 мамырда күндіз найзағай, дауыл. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, найзағай кезінде екпіні - 15-20 м/с.
Ұлытау облысының басым бөлігінде найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі бар.
Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарда кей уақытта нөсер жаңбыр жауады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарда найзағай, бұршақ. Батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні - 17-22 м/с.
Алматыда кей уақытта найзағай күтіледі, найзағай кезінде жел екпіні - 17 м/с.
Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 18 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ бетіндегі 2 градус үсік күтіледі. Облыстың шығысында, орталығында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Қарағанды облысының оңтүстігінде найзағай күтіледі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында күші 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.
Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында екпіні 23 м/с күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде күші 15-20 м/с, екпіні 23 м/с. Петропавл қ.: 20 мамырда күндіз шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!