16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

"Қазгидромет" болжамынша, жұмада Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Елдің шығысында, оңтүстігінде, солтүстік және орталық өңірлерінде, сондай-ақ оңтүстік-шығысында қар жауады, кей жерлерде жаңбыр жаууы мүмкін.

Батыс пен оңтүстікте синоптиктер тұман, көктайғақ және желдің күшеюін болжайды. 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланған.

  • Астана: бұлтты, қар, түнде және күндіз -13…-15 °C.
  • Алматы: ауыспалы бұлтты, жаңбыр аралас қар, түнде -2…-4 °C, күндіз +3…+5 °C.
  • Шымкент: бұлтты, жаңбыр аралас қар, түнде және күндіз +1…+3 °C.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!