16 миллион қазақстандықтың жеке дерегі тарап кеткен: істі ҰҚК тергеп жатыр

16 миллион қазақстандықтың жеке дерегі тарап кеткен: істі ҰҚК тергеп жатыр
Фото: depositphotos.com

Ұлттық қауіпсіздік комитеті 16 миллион қазақстандықтың жеке дерегі тарап кетуіне байланысты істі тергеп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы ІІМ Tengrinews.kz-тің ресми сауалына берген жауабында мәлімдеді.

"Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қылмыстық кодекстің 208-бабы 2-бөлігі "Ақпаратты заңсыз иемдену" бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр", - деді Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі өкілі.

Қандай жағдай болды?

Еске салайық, бұған дейін 16 миллионнан аса жазба ашық тарап кеткені, бұл ел халқының басым бөлігін қамтитыны хабарланды.

Тұрғындардың мынадай жеке мәліметтері тарап кеткен: тегі, аты, әкесінің аты, жынысы, туған күні, ЖСН, мекен-жайы, тұрғылықты жері, телефон нөмірлері (ұялы, үй, жұмыс телефондары), азаматтығы, ұлты және тағы басқалары.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget