"16 келі салмақты байлап, өзенге батырып жіберген". Сот кісі өлтірген ағайындыға үкім шығарды

"16 келі салмақты байлап, өзенге батырып жіберген". Сот кісі өлтірген ағайындыға үкім шығарды
Фото: Tengrinews.kz

Павлодар облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ағайынды К.А. мен К.Д-ға қатысты адамдар тобымен алдын ала сөз байласу арқылы пайдакүнемдік ниетпен адам өлтіру және заңсыз оқ-дәрілерді иемдену және сақтау бойынша қылмыстық істі қарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ағайынды К., 2022 жылдың 19 қарашасында жәбірленуші Ж.-дан сатып алынған үйдің құнын төлемеу бойынша өздері алдын ала сөз байласа отырып пайдакүнемдік ниетпен соңғысын Железин ауданы Пятерижск ауылындағы өзен өткеліне апарып, оның қолын байлап, денесіне салмағы 16 келі салмақты байлап, өзенге батырып жіберген.

Сонымен қатар Қ.А.-ның үйін тінту кезінде старттық тапанша мен атыс оқтары табылды.

"Сот жеңілдететін мән-жайларды – оң мінезделуін, К.А. мен К.Д.-ның асырауларында жас балалардың болуын және ауырлататын мән-жайлардың болмауын ескере отырып, заң талаптары шегінде, атап айтқанда ең жоғары мерзімнің ¾ бөлігінде – К.А.-ға қылмыстардың жиынтығы бойынша 16 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны, ал К.Д.-ға 15 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны тағайындады", - деп хабарлады Павлодар облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан