16 қаңтарда қай өңірлерде қар жауып, көктайғақ болады?

Синоптиктер ертең, 16 қаңтарда елдің 16 өңірінде ауа райы қолайсыз болатынын болжап отыр. Кей өңірде қар жауып, көктайғақ болса, енді бір өңірлерде тұман түсіп, екпіні күшті жел соғады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алматы облысының солтүстігінде және оңтүстігінде кей жерлерде тұман түседі. 

Ақтөбе облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын соғады.

Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман, көктайғақ болады.

Батыс Қазақстан облысының басым бөлігінде, күндіз батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаяу бұрқасын. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі, күндіз батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың таулы аудандарында күші секундына 15-20 метрге жетеді.

Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні секундына 15-20, Жарма ауданында 25 метрге дейін жетеді.

Шығыс Қазақстан облысында жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні - 15-20 м/с.

Жетісу облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні - 15-20 м/с.

Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Таңертең және күндіз батысында, солтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында екпіні секундына 25 метрге дейін жетеді.

Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысында қар жауады. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде бұрқасын, күндіз облыс бойынша бұрқасын соғады. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20 м/с болады.

Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын.

Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде бұрқасын. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

Астанада кей уақыттарда жаяу бұрқасын. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні секундына 15-18 метрге жетеді.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде бұрқасын. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Маңғыстау облысының солтүстігінде тұман, көктайғақ.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!