• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

16 жыл бойы қашып жүрген күдікті ұсталды

16 жыл бойы қашып жүрген күдікті ұсталды
Фото: depositphotos.com

Шымкентте 16 жылдан аса уақыт бойы іздеуде жүрген адам ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Шымкент қаласы прокуратурасының үйлестіруімен Полиция департаменті жүргізген жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде ҚР ҚК-нің 99-бабы (Адам өлтiру) бойынша іздеуде жүрген күдікті ұсталды.  

2009 жылғы 9 қаңтарда "Астория" кафесінің маңында А. атыс қаруын қолдану арқылы аса ауыр қылмыс жасап, бой тасалаған.  

"Қылмыскер 16 жылдан аса  уақыт бойы халықаралық іздеуде болды. Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр", - деп жазылған хабарламада.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget