16 жастағы үш ақмолалық көлік ұрлап кеткен

16 жастағы үш ақмолалық көлік ұрлап кеткен
Фото: gov.kz

16 жастағы үш ақмолалық көлік ұрлап кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

24 маусымда Целиноград ауданының полиция бөліміне жергілікті тұрғыннан өзіне тиесілі жеке үйдің аумағынан Subaru Legacy автокөлігінің ұрланғаны туралы хабарлама түскен.

Келтірілген шығын сомасы 1 млн 200 мың теңге. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қылмыстық полиция бөлімінің қызметкерлері ұрлыққа күдіктілерді анықтады.

Олар жақын ауылдардың бірінің 16 жастағы үш тұрғыны болып шықты. Полиция осы факті бойынша тергеп-тексеруді бастады.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Сатыбалдина