16 жастағы мектеп оқушысы "Павлодар Аруы-2015" жеңімпазы атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар облыстық жастар саясаты басқармасына сілтеме жасап.
Жеңімпаз тәжі мен атағына ие болған ару - павлодарлық №20 мектеп лицейінің оқушысы София Шарикова. Қыз қарсыластарынан байқаудың үш түрінде де басып озды, әділ қазылар алқасын өзінің табиғилығымен және ой-өрісінің кеңдігімен тәнті қылды.
"Өткен жылы мен біздің лицейдің оқушысы Әмина Қожанованың қалай Павлодар вице-аруы болғанын көрдім, кейін ол Қазақстанның вице-аруы атанды, сондықтан мен де өз бағымды сынап көруге шешім қабылдадым. Кастингтен кейін менің қолымнан бәрі келеді деген сенімділік пайда болды. Сендім, үміттендім және қолымнан келгені үшін қатты қуаныштымын", - дейді София Шарикова.