16 жастағы қостанайлықтан 25 орам есірткі табылды

16 жастағы қостанайлықтан 25 орам есірткі табылды
Фото: скриншот

Қостанай облысында 16 жастағы есірткі жасырушы синтетикалық есірткі салынған 25 ораммен ұсталды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

"Есірткі айналымымен күрес виртуалды кеңістікте де жүргізіліп жатыр, онда биыл үш мыңнан астам есірткі сайты бұғатталды. Сондай-ақ ІІМ қызметкерлері мен еріктілер күн сайын көшелерде есірткі жарнамаларын өшірді. Алдын алу жұмыстары өте маңызды. Салауатты өмір салтын насихаттауға және жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған бес мыңға жуық профилактикалық дәріс өткізілді, – деп атап өтті ІІМ.

Полиция жастар арасында есірткі қылмысының алдын алу жұмысын белсенді түрде жүргізіп жатыр. Бұл шараға мұғалімдер, дәрігерлер және еріктілер жұмылдырылып жатыр. Биыл 10 мыңнан астам есірткіге қарсы іс-шара өткізіліп, оған 714 мыңнан астам жасөспірім қатысты.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Сатыбалдина