- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- 16 жастағы қазақстандық...
16 жастағы қазақстандық Шри-Ланкада қайтыс болды
Сыртқы істер министрлігі Шри-Ланкада 16 жастағы қазақстандықтың қайтыс болғанын хабарлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров хабарлағандай, 11 наурызда Қазақстанның Үндістандағы елшілігіне Қазақстан азаматтары кәмелетке толмаған ұлының ауыр халде ауруханада жатқанын айтып, хабарласқан.
"Жағдайды анықтаған кезде оның 5 наурызда суға құлап кеткенін анықтадық, ол құтқарылды. Бірақ 10 наурызға дейін ол ауруханада болды. Дәрігерлер оның өмірі үшін күресті. Өкінішке орай, 10 наурызда бұл жігіт қайтыс болды. Қазір туыстарына көмек көрсетіп жатырмыз. Консул бұл баланың туыстарымен, ата-анасымен байланыста", - деді ол брифингте.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
А. Жайыққызы