- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- тіс щеткасы
16 жастағы бойжеткен тісін тазалап жатып, тіс щеткасын жұтып қойған

Мәскеу түбіндегі Мытищи қаласында медициналық колледж студенті тіс тазалап жатып, абайсызда тіс щеткасын жұтып қойған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі SHOT telegram арнасына сілтеме жасап.
Басылымның мәліметінше, 16 жастағы бойжеткен ұйықтар алдында тісін тазаламақ болған. Ол тіл астындағы қызыл иек түптерін тазалап жатып, қатты жөтелден тіс щеткасын жұтып қойған. Бойжеткен бірден жедел жәрдем шақырған.
сурет: SHOT telegram арнасы
Дәрігерлер оны ауруханаға апарып, рентгенге түсірген. Тіс щеткасының өңешінен асқазанға түскенін байқап, дереу оны эндоскоп арқылы анестезиямен алып тастаған.
Қазір қыздың жағдайы бірқалыпты екені айтылды. Өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ дейді дәрігерлер.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Д. Литпин