Дүйсенбі, 26 қазанда Қазақстан қалаларында негізінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Елдің солтүстігінде таңертең кей жерлерде тұман болжанады, батыста салыстырмалы түрде жылы болады, ал оңтүстікте өткінші жаңбыр жауып, шаңды дауыл тұруы мүмкін. Шығыс пен орталықта салқын ауа райы сақталады. Күндіз қалалардың көбінде ауа температурасы 5-16 градус жылы болмақ, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Астана – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел батыстан, солтүстік-батыстан 2-7 метр секунд жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 1-3 градус аяз, күндіз 6-8 градус жылы.
Алматы – көшпелі бұлтты, күндіз аздаған жауын-шашын (негізінен жаңбыр). Жел солтүстік-шығыстан 3-8 метр секунд. Түнде 2-4 градус үсік, күндіз 8-10 градус жылы.
Қызылорда – ашық, күндіз шаңды дауыл. Жел солтүстік-шығыстан 9-14, екпіні секундына 15 метрге дейін жетеді. Түнде 1-3 градус үсік, күндіз 12-14 градус жылы.
Талдықорған – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан 3-8 метр секунд. Түнде 9-11 градус үсік, күндіз 8-10 градус жылы.
Тараз – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 9-14 метр секунд. Түнде 6-8 градус үсік, күндіз 7-9 градус жылы.
Ақтау – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан 9-14 метр секунд. Ауа температурасы түнде 4-6 градус жылы, күндіз 14-16 градус жылы.
Ақтөбе – ашық, жел шығыстан, солтүстік-шығыстан 0-5 метр секунд. Ауа температурасы түнде 5-7 градус аяз, күндіз 12-14 градус жылы.
Атырау – ашық, жауын-шашынсыз, жел шығыстан 7-12 метр секунд. Ауа температурасы түнде 1-3 градус жылы, күндіз 14-16 градус жылы.
Орал – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, түнде және таңертең тұман. Жел шығыстан 5-10 метр секунд. Ауа температурасы түнде 2-4 градус аяз, күндіз 12-14 градус жылы.
Қарағанды – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан 3-8 метр секунд. Ауа температурасы түнде 5-7 градус аяз, күндіз 5-7 градус жылы.
Жезқазған – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 4-9 метр секунд. Ауа температурасы түнде 2-4 градус аяз, күндіз 9-11 градус жылы.
Көкшетау – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел батыстан, солтүстік-батыстан 7-12 метр секунд. Ауа температурасы түнде 0-2 градус жылы, күндіз 6-8 градус жылы.
Қостанай – аз бұлтты, жауын-шашынсыз, жел солтүстік-батыстан 5-10 метр секунд. Ауа температурасы түнде 1-3 градус жылы, күндіз 10-12 градус жылы.
Петропавл – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, түнде және таңертең тұман. Жел солтүстік-батыстан 7-12 метр секунд. Ауа температурасы түнде 0-2 градус аяз, күндіз 6-8 градус жылы.
Павлодар – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, тұман. Жел оңтүстік-батыстан 3-8 метр секунд. Ауа температурасы түнде 0-2 градус жылы, күндіз 5-7 градус жылы.
Семей – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, жел оңтүстік-шығыстан 7-12 метр секунд. Ауа температурасы түнде 4-6 градус аяз, күндіз 3-5 градус жылы.
Өскемен – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан 4-9 метр секунд. Ауа температурасы түнде 5-7 градус аяз, күндіз 2-4 градус жылы.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Massaget.kz