- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- 16-18 ақпанға арналған...
16-18 ақпанға арналған ауа райы болжамы
Фото:
massagetkz
Таяу күндері елімізде ауа райы тосын мінез танытады. Синоптиктер 16-18 ақпанға арналған ауа райы болжамын жария етті.
Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстан аумағындағы антициклон Алтайға жылжиды. Осыған байланысты еліміздің батыс және солтүстік-батысында күн ала бұлтты және жауын-шашынды болады.
"Бұл өңірлердің кей жерінде боран соғып, желдің жылдамдығы секундына 15-25 метрге дейін жетеді және көктайғақ болады. Ал Қазақстанның өзге аумағында күн ашық болғанымен, көру мүмкіндігін төмендететін тұман түсуі мүмкін", − деп ескертті мамандар.
Сонымен қатар, солтүстік, орталық және шығыс облыстарының кей жерлерінде 28-33 градус аяз сақталады.
Дереккөз: tengrinews
С. Ерсін