“150 миллион теңге“. Танымал блогер әйеліне сыйлық жасады

“150 миллион теңге“. Танымал блогер әйеліне сыйлық жасады
Фото: instagram.com/darhanzholshybekov/

Қазақстандық блогер Дархан Жолшыбеков әйелі Дариға Нұркееваға су жаңа темір тұлпар сыйлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ол бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.

"Сен барлық жақсылыққа лайықтысың!
Менің өмірімде бар болғаныңа рахмет.
Барлығыңызға жұғысты болсын", - деп жазды блогер.

Еске салайық, бұған дейін блогер Дархан Жолшыбековтің некесіз туған бес жасар қызы бар екені белгілі болды. Бұл туралы бүлдіршіннің анасы отандық "Көреміз" бағдарламасына келіп, жанайқайын жеткізген еді. Ол өз сөзінде қызының сырқаты барын, ал әкесі небәрі 15 мың теңге алимент төлейтінін айтты.

Кейінірек ол некесіз туған қызына көлік пен пәтер әперді.   

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә