15 шілдеден бастап темекі қымбаттайды

15 шілдеден бастап темекі қымбаттайды
Фото: depositphotos.com

Қазақстанда 15 шілдеден бастап темекі қымбаттайды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті мәліметінше, 15 шілдеде "Сүзгісі бар, сүзгісі жоқ темекілерге, папиростар мен сигариллаға және қыздырылатын темекі бұйымдарына ең төменгі бөлшек бағаны белгілеу туралы" өзгертілген бұйрық күшіне енеді.

"Сүзгісі бар, сүзгісі жоқ 20 (жиырма) папиростар, сигариллаларға және қыздырылатын темекі бұйымдарына 15 шілдеден бастап 31 желтоқсанды қоса алғанда 820 теңге, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 870 теңге көлемінде баға белгіленеді", - делінген хабарламада.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова