15 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
4-6 ақпанда Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. 4-6 ақпанда оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында секундына 15 метр, 4 ақпанда екпіні секундына 25 метр күтіледі. Тараз қаласында 5-6 ақпанда кей уақыттарда тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, 4 ақпанда екпіні секундына 15 метр күтіледі.
Астана қаласында 4 ақпанда бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні секундына 15 метр.
4 ақпанда Абай облысының солтүстігінде, орталығында жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, екпіні секундына 15 метр.
4 ақпанда Қостанай облысында бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде секундына 15 метр, күндіз екпіні секундына 15 метр күтіледі. Қостанай қаласында 4 ақпанда бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні секундына 15 метр күтіледі.
4 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысында қар, бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың оңтүстік-батысында екпіні секундына 15 метр, күндіз 15-20, екпіні 23-28 м/с. Петропавл қаласында 4 ақпанда бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз 15-20, екпіні секундына 25 метр.
4 ақпанда күндіз Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында тұман күтіледі. Ақтау қаласында 4 ақпанда түнде және таңертең тұман күтіледі.
4 ақпанда күндіз Атырау облысының солтүстігінде, шығысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні секундына 15 метр. Атырау қаласында 4 ақпанда оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.
4 ақпанда Ұлытау облысының түнде басым бөлігінде, күндіз солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде екпіні 18 м/с күтіледі.
4 ақпанда Ақмола облысында бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, батысында жолдарда көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында кей уақыттарда 23 м/с күтіледі. Көкшетау қаласында 4 ақпанда бұрқасын күтіледі. Күндіз жолдарда көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні секундына 15 метр күтіледі.
4 ақпанда күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында, орталығында көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында екпіні секундына 15 метр. Ақтөбе қаласында 4 ақпанда күндіз жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні секундына 15 метр.
4 ақпанда түнде Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстік-шығысында, күндіз солтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні секундына 15 метр. Орал қаласында 03 ақпанда түнде жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі.
4 ақпанда Қызылорда облысының орталығында, солтүстігінде көктайғақ, тұман күтіледі.
4 ақпанда Қарағанды облысының түнде батысында, солтүстігінде, күндіз солтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде екпіні секундына 15 метр күтіледі. Қарағанды қаласында 4 ақпанда жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 18 м/с күтіледі.
4 ақпанда Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні секундына 15 метр күтіледі. Павлодар қаласында 4 ақпанда күндіз бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні секундына 15 метр күтіледі.
4 ақпанда Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында көктайғақ, тұман күтіледі. Облыстың таулы аудандарында жаяу бұрқасын. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, облыстың таулы аудандарында күші секундына 15 метр. Шымкент қаласында 4 ақпанда кей уақытта көктайғақ, тұман күтіледі. Түркістан қаласында 4 ақпанда кей уақытта тұман күтіледі.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!