- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "15 минуттан кейін...
"15 минуттан кейін үйленуге ұсыныс жасадым". Танымал әнші үйлену хикаясын айтып берді
Әнші Рысбек Аташ алғаш рет отбасы жайлы құпиясын бөлісті. Өнер иесі "Жұлдызды шаңырақта" әйелін алғаш рет көріп, 15 минут ішінде үйленуге ұсыныс жасағанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнер иесі жары "Арай" тобындағы Медеттің туған нағашы қарындасы екенін жеткізді.
"Әйелім Жезқазған өңірінің тумасы. Мамандығы экономист. "Арай" тобындағы Медеттің туған нағашы қарындасы. Сол кісінің әжесінің үйінде шай ішіп отырғанда кездестік. Біздікі қызық, сол жерде 15 минут сөйлестік. Ол оқуға кетуі керек болды. Сол жерде бірден ұсыныс тастадым. Сенімім ақталып, "иә" деді. Онда осы күні алып қашамын дедім. Алматыға келдім де, алып қаштым. Болашақ жарымды "Әке-шешем разы болсын" деген ниетпен іздедім. Сезімге қатты бой берген жоқпын. Жалпы, біреуді қатты жақсы көрдім, ғашық болдым деп айта алмаймын. Әкемді - әке, анамды - ана деп, сол кісілердің көңілінен шықса деген ниетпен алдым ғой. Шүкір, уақыт өте келе жақсы көру де бар. Келіншегімде адам бойында болу керек қасиеттің бәрі де бар, Аллаға шүкір. Қатты болдым. Соның бәріне төзді. Адам өсе келе жұмсарады ғой. Мен жастай үйлендім. Ол кезде 21 жаста едім", - деді Рысбек Аташ.
© видеоскрин
Сондай-ақ, әнші балалары жайлы айтпауының себебін түсіндірді.
"Балаларымның санын айтпай-ақ қояйын. Себебі, тіл-көз бар. Бұрын көп айтатынмын, қазір ашып айта беруді тоқтаттым. Жеке өмір - жеке күйінде қалғаны жақсы. Өнер адамы болғаннан кейін халық тек өнерімізді көрсе, өнерімізді білсе деген ниетім бар. Балаларымның әнші болғанын қаламайтын шығармын. Ұлдарымның - спортшы, қыздарымның - дәрігер болғанын қалаймын. Өздері таңдайды ғой. Олар өсе келе мың өзгереді", - деді Рысбек Аташ.
Айта кетейік, бұған дейін әншінің TikTok желі арқылы 1 аптада қанша табыс тауып жүргені туралы жазған болатынбыз. Ол туралы осы жерден оқып біле аласыз.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Е. Ерболұлы