15 мамырдан бастап Шымбұлақтың аспалы жолдары жөндеуге жабылады. Ал 14 мамырдан кейін "Шымбұлақ" тау-шаңғы курортына тек эко-автобус немесе таксимен көтерілуге болады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Жазғы маусымға есігімізді ашпас бұрын біздің аспалы жолдарымыз жыл сайынғы профилактикалық жөндеуден өтуі керек! Мұның бәрі сіз бен біздің қауіпсіздігіміз үшін қажет", - делінген хабарламада.
14 мамырдан кейін Шымбұлаққа тек эко-автобустармен немесе таксилермен көтерілуге болады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!