Ұсақ бұзақылық жасағаны үшін сотқа тартылған Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбеованы халық әртүрлі жолмен жұбатып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әлеуметтік желідегі оқырмандар "Аллаға шүкір етіңіз, ең бастысы аман-есен, 12 мүшесі сау. Ер адамға тән қасиеттерінің бәрі бар. 15 күн шет елде деп ойлаңыз", "15 күнге сотталды деп ойламаңыз, жай қыдырып кетті, екі аптадан кейін келеді деп ойлаңыз" деген түрлі пікір жазып әншінің анасын қолдауға тырысып жатыр.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз