Мәскеу облысындағы ауылда жантүршігерлік оқиға болды. 15 жастағы жасөспірім өз анасын балталап өлтірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі mk.ru-ға сілтеме жасап.
"Момын, тұйық бала еді, сәлем беріп жүретін, бірақ көп сөйлемейтін. Ол компьютерлік ойындарға құмар болғандықтан, мектепке сирек баратын. Соған қарамастан, бала жақсы оқыды", - дейді көршілері.
Басылым мәліметінше, жасөспірім анасының дауыс көтергеніне шыдамай, оны балталап өлтірген. Кейін өзі полицияға хабарласып, жағдайды баяндаған.
"Жасөспірім адам өлтіргені туралы құқық қорғау органдарына өзі хабарлаған, содан кейін ол ұсталды", - деді Мәскеу облысы бойынша Тергеу комитетінің Бас тергеу басқарма басшысының аға көмекшісі Ольга Врадий.
Баланың анасы 48 жастағы Александра ұлын жалғыз өзі тәрбиелеп өсіргені белгілі болды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз